Қос азаматтығы бар тұрғын әшкереленіп, Қазақстаннан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қос азаматтығы бар тұрғын әшкереленіп, Қазақстаннан шығарылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Көші-қон қызметінің қызметкерлері Абай облысы Бородулиха ауданының тұрғынын әшкереледі. Оның қос азаматтығы бар екені анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көші-қон қызметінің қызметкерлері Абай облысы Бородулиха ауданының тұрғынын әшкереледі. Оның қос азаматтығы бар екені анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті мәліметінше, тамызда құқық қорғау органдары биылғы маусымда Ресей Федерациясының азаматтығын алып, Қазақстан азаматтығы күшін жойғанын рәсімдемеген 54 жастағы ер адамды анықтады.

"Сот қаулысы бойынша, құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы екінші бөлігі бойынша Қазақстан Республикасынан шығару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыдан республика азаматының төлқұжатын алып, Қазақстан азаматтығынан айырылғанын рәсімдегені нақтыланады.

Полицейлер елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, тұрғындардан көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети