Мемлекеттік біртұтастықты мәңгілікке сақтап қалу үшін азаматтық деген ұғымды ұлттық идеологиямен астастыру керек. Қазақстан азаматы атанған әр азамат қазақтың жері мен елін қорғауға, сүюге, соның болашағына сеніммен қарауға міндетті. Бірақ, қазір бейресми деректерде жиі айтылатын, қос азаматтық алып алғандар бипатридтерден сондайлық үміт күтуге бола ма? Бұл орайда «Қазақстан Республикасының азаматтығы» туралы Заңға өзгеріс енгізетін уақыт жеткен жоқ па? «Алаш айнасы» осы сұрақтарға ой жүгіртіп көрген еді.

Қазақстан – қос азаматтыққа түпкілікті шектеу қойған ел. Бірақ, жолын тапқандар қолынан келсе, қонышынан басып, тайраңдап жүр. Біз бұл уақытқа дейін отандастарымыздың қалай қос азаматтыққа қол жеткізетінін (Бипатрид дерті: Қазақстан шекарасынан шықпай-ақ азаматтық алуға бола ма?) жазған едік. Енді «Қазақстан Республикасының азаматтығы» туралы Заңымыздың кейбір осал тұстарын сөз етпекпіз.
Бірінші мәселе. Аталмыш Заңда бұрынғы ТМД елдерінің азаматтары азаматтықты оңайлатылған тәртіппен алатыны анық жазылған. Мәселен, сол ТМД-дағы Украина, Ресей, Беларуссия азаматтарына бар жеңілдік жасалып отыр. Тіпті, Заңда: «Азаматтықты оңайлатылған тәртіппен алатын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының азаматтары – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жақын туысқандарының бірінің жеке куәлігінің көшірмесін; Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық дәрежесін растайтын құжаттарды, өтініш беруші Беларусь КСР-інің, Қазақ КСР-інің, Қырғыз КСР-інің немесе РСФСР-дің азаматтығында және бір мезгілде бұрынғы КСРО-ның азаматтығында тұрғанын, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының аумағында туғанын немесе тұрғанын растайтын құжаттарды әкелуге міндетті» деп жазылыпты.
Әрине, көрші қырғыз бен өзбектен қандастарымыз көптеп келуі мүмкін. Ал, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін Қазақстанда тұрып, кейін өз Отанына көшіп кеткен Ресей, Украина, Беларуссия азаматтарына ерекше жеңілдік жасау қаншалықты тиімді? Олар тәуелсіздік алған жылдары өзінің бөтен екенін сездіріп, Қазақстанды тастап кеткен жоқ па?
Толық нұсқасы "Алаш айнасы" сайтында