24 қараша 2016 | 17:19

Қош бол, Вика! Ақтауда 6 жасар қыз жер қойнына тапсырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктория Минина Виктория Минина

Ақтауда зорланған 6 жастағы қыздың жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда зорланған 6 жастағы қыздың жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кішкентай қызды соңғы сапарға шығарып салу үшін Ақтау қаласының жүздеген тұрғыны келді. Қалалықтар гүлдер мен ойыншықтар алып келді. Келушілердің көбісінің ойынша, бұл бір ғана отбасының қайғысы емес, бүкіл қаланың қайғысы.

Қоштасу рәсімі облыстық мәйітханадан басталды, онда алты жасар Вика Мининаның мәйітін алып шықты. Келушілер көз жасын тыя алмады. Қалалықтар Викамен үнсіз қоштасты. Кішкентай қызды Ақтаудағы христиандар мүрдесіне жерледі.

 

Айтиа кетейік, Астанада 21 қарашада алты жастағы Виктория Минина Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында қайтыс болды. 

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети