Қошанов: Біз Президенттің қарқынына ілесе білуіміз керек

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары барысында тұрғындардан келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша Үкіметтің ақпаратын тыңдады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары барысында тұрғындардан келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша Үкіметтің ақпаратын тыңдады.

Осы орайда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған бірқатар Үкімет мүшелері арнайы келді. Отырыста Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы  депутаттардың  өңірлердегі өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысуын күшейту жөнінде тапсырма бергенін атап өтті.

"Депутаттар ақпан айында еліміздің барлық өңіріне барып, сайлаушылармен мазмұнды кездесулер өткізді. Онда тұрғындар тарапынан бірқатар проблемалар көтеріліп, өтініштер қабылданды. Соның бәрін жинақтап, бір ай бұрын Үкіметке жолдаған болатынбыз. Міне, бүгін осы мәселелердің шешілуі туралы Үкіметтің ақпаратын тыңдайын деп отырмыз", - деді Ерлан Қошанов.

Депутаттар еліміздің барлық өңіріне барып, сайлаушылармен 1600-ге жуық кездесу өткізді. Олар түрлі әлеуметтік нысандарда, кәсіпорындар мен базарларда, шалғай елді мекендерде болып, еңбек ұжымдарының  проблемаларымен танысты. Барлығы мыңнан астам мәселе жинақталып, Үкіметке жіберілді. Соның ішінде азық-түлік пен дәрі-дәрмектің қымбаттауы, ауыз сумен және тұрғын үймен қамтамасыз ету, мектеп құрылысы, жол жөндеу, интернет сапасын жақсарту мәселелері бар.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, проблемалардың бәрі нақты әрі жүйелі түрде шешілуге тиіс. Олар депутаттардың жіті бақылауында болады.

"Әрбір мәселенің артында адамдардың тұрмысы мен тағдыры тұр. Осыны әр депутат, министр мен жергілікті билік өкілдері терең түсінуге тиіс. Қазір еліміз үлкен өзгерістердің алдында тұр. Президент ірі саяси реформалар жариялады. Ол реформалар қарқынды жүзеге аса бастады. Ал біз - Парламент, Үкімет, жергілікті билік, бәріміз бір кісідей жұмылып, қоғамда қордаланған мәселелерді шешуде жедел әрекет етуіміз қажет. Бір сөзбен айтқанда, біз Мемлекет басшысының қарқынына ілесе білуіміз керек", - деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, Палата спикері Парламент пен Үкіметтің мәселелерді шешу бойынша жаңа форматтағы жұмысы алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro