Қошанов: Дауларды дипломатиялық жолмен шешу - Президентіміздің берік ұстанымы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қошанов: Дауларды дипломатиялық жолмен шешу - Президентіміздің берік ұстанымы Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация Женева қаласында өтіп жатқан Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясына қатысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация Женева қаласында өтіп жатқан Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясына қатысты.

Отырысқа 115 елдің өкілі, соның ішінде 80-нен астам Парламент спикері қатысты. Тараптар көпжақты қарым-қатынасты нығайту, бейбітшілік пен тұрақтылықты дамыту үшін парламентаралық іс-әрекетті күшейту мәселесін жан-жақты талқылады.

Мәжіліс төрағасы қазіргі кезең өзара сыйластықты, сенімділікті, әділеттілікті, диалог пен ортақ шешімдер қабылдауды қажет ететін уақыт екенін атап өтті. Биылғы конференцияның БҰҰ-ның 80 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанының символдық мәні зор екеніне назар аударды.

"Осы айтулы күнге орай Қазақстан БҰҰ-ның Жарғысы мен жаһандық басқарудың көпжақты жүйесін берік ұстанатынын ерекше атап өтемін. Еліміз дауларды дипломатиялық жолмен шешу, күш қолданбау, егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтеу бағытын басшылыққа алады. Бұл - біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берік ұстанымы", - деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері бүгінде жаһандық қарусыздану режимін нығайту және жаппай қырып-жою қаруын таратпау өзекті мәселеге айналып отырғанына мән берді. Осы ретте, ядролық мемлекеттер арасындағы өршіп келе жатқан шиеленісті ескере отырып, "Парламентарийлер - ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру үшін" алаңын белсенді түрде пайдалануға шақырды.

Тағы бір жаһандық мәселе - климаттың өзгеруі. Бұл тақырыптың төңірегінде де қызу пікірталас өрбіді. Е.Қошанов климатқа қатысты әрекеттерді жеделдетіп, Орнықты даму мақсаттарына жету жолында күш-жігерді жұмылдыру маңызды екенін айтты.

Келесі жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп, Өңірлік экологиялық саммитін өткізеді. БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық ашты.

Мәжіліс төрағасы парламентарийлерге әділеттілік, теңдік және инклюзивтілік принциптерін ілгерілету ісінде ерекше жауапкершілік жүктелгенін атап өтті. Осыған орай БҰҰ-ның "Болашақ үшін пактісін" қолдаудың маңызын айтты.

Е.Қошанов қатысушыларды Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі Мемлекет басшысының реформалар бағыты туралы хабардар етті.

Жиын қорытындысы бойынша әлем парламенттерін жалпыға ортақ және берік бейбітшілік орнатуға белсене қатысуға шақыратын спикерлер декларациясы қабылданды.

Суреттер: Мәжілістің Баспасөз қызметі\Т.Таныбаев

Мәжіліс спикері Қытай, Вьетнам, Швеция, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Молдова, Сингапур, Грузия және Пәкістан Парламенттерінің басшыларыменекіжақты кездесулер өткізіп, парламентаралық ынтымақтастық жайын талқылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети