09 желтоқсан 2024 | 20:05

Қошанов: Қазақстанның ҰҚШҰ ПА-дағы төрағалығы жоғары деңгейде өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Парламент делегациясы Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің кезекті отырысы мен он жетінші пленарлық отырысына қатысты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Парламент делегациясы Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің кезекті отырысы мен он жетінші пленарлық отырысына қатысты.

Ерлан Қошанов әріптестеріне Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалық етуінің қорытындылары туралы айтып берді.

"Әріптесімізбен бірлескен үйлесімді жұмыстың нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық еткен кезеңде ұйым алдында тұрған барлық міндет толық орындалды. Астанада өткен кездесуде елдеріміздің көшбасшылары Қазақстанның төрағалығы барысында атқарылған іс-шараларға жоғары баға беріп, ұйымды одан әрі дамытуға бағытталған маңызды құжаттар қабылдады. Біз серіктестерімізге бұл құжаттардың табысты жүзеге асырылуына қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз. Ортақ мүдделерімізді ескере отырып, ҰҚШҰ Парламенттік өлшемін кезең-кезеңімен дамыту мен нығайту бағытындағы жұмысымызды жалғастырамыз", - деді Мәжіліс спикері.

Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы кезінде ұйым мүдделі елдермен және қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін халықаралық құрылымдармен ынтымақтастықты нығайтты.

ҰҚШҰ мен ТМД, сондай-ақ ШЫҰ арасындағы байланыс жалғасын тапты. Биыл қазан айында Мәскеуде ҰҚШҰ – ТМД – ШЫҰ форматындағы дәстүрлі кездесу өтті. Онда аталған ұйымдардың негізгі саяси принциптері мен жарғылық ережелерінің ұқсастығы атап өтілді.

2024 жылы ҰҚШҰ-ның БҰҰ-ның бақылаушы мәртебесін алғанына 20 жыл толды. Сондай-ақ осы жылдың қараша айында Нью-Йоркте БҰҰ мен ҰҚШҰ арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен қарар қабылданды.

Мәжіліс спикері өз сөзінде ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы мүше мемлекеттерге қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелері бойынша сындарлы диалог жүргізуге мүмкіндік беретінін айтты.

Соңғы жылдары Ассамблея ұжымдық қауіпсіздіктің маңызды аспектілерін қамтитын бірқатар модельдік заңнамалық акті қабылдады.

Ерлан Қошанов Қазақстан төрағалығымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге дайындыққа ерекше назар аударылғанын айтты. Отырыстың қорытындысы бойынша алдағы мерейтойға орай ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының үндеуі қабылданды.

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы іс-шаралары аясында делегация басшылары Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Ерлан Қошанов Ресей Президентіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық қарым-қатынастың жоғары қарқынын атап өтті.

Келесі жылы ҰҚШҰ-ға Қырғыз Республикасы төрағалық етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда жаңа көпір ашылды
Қазақстанда ұрлық азайған
Қырғызстанда жер сілкінді
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 517.74  course up  545.31  course up  5.05  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer