Қошанов ресейлік депутаттардың Қазақстанға қатысты мәлімдемелері туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қошанов ресейлік депутаттардың Қазақстанға қатысты мәлімдемелері туралы айтты Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресейге сапары барысында өзекті мәселені көтергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресейге сапары барысында өзекті мәселені көтергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан спикерге "2024 жылғы 3-4 наурыз аралығында Ресейге ресми сапармен бардыңыз. Онда РФ Мемлекеттік думаның төрағасы Вячеслав Володинге ресейлік депутаттардың Қазақстан туралы жағымсыз пікірлерін, еліміздің территориялық тұтастығына қатысты айтылған мәселелерді көтердіңіз бе?" деген сұрақ қойылды.

Ерлан Қошанов сәл ойланып, бұл мәселені көтергенін жеткізді.

"Бұл туралы біз сөйлестік. Бірлесіп, мұның жолын кесеміз. Бұл мәселе туралы Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен сөйлестік. Біз бірлесіп, осы мәселемен жұмыс істейміз деп келістік", - деді спикер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети