ПОДЕЛИТЬСЯ
13 тамыз 2019 | 10:52
"Көше шамдары жұмыс істемейді": Астана әкімі қараусыз қалған саябақты аралап шықты
Астана әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені бойындағы саябақты жаяу аралап шықты. Парк аумағы 113 гектар. Мұнда велосипед жолдары, жүгіруге арналған жолдар бар. Алайда, саябақтың қазіргі жағдайы нашар. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Саябақ аумағында көше шамдары жұмыс істемейді. Саябақтың ағаштары болса күтімсіз, кеуіп қалған. Тәртіп сақтауды тек бір ғана адам қадағалайды.
"Саябақтың ішінде камералар орнату мәселесін қарау қажет. Саябақты абаттандыруға кірісіп, оны тиісті түрге келтіру керек. Тұрғындарымыздың денсаулығы үшін де зор пайдасы бар, себебі аумақта жүгіру, велосипед жолдары бар. Саябақты жаңғырту мәселесін "Алматы" ауданы әкімдігі қолға алады, саябақ тұрғындар үшін демалыс орны болуы керек", - деді Көлгінов.
Показать комментарии
Читайте также