27 сәуір 2020 16:57

Көшеде міндетті түрде маска тағу керек пе? Министрлік түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медициналық масканы далаға шыққанда тағып жүру тек ұсыныс ретінде айтылғанымен, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі бұл сақтық шарасын қазақстандықтардан орындауын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Медициналық масканы далаға шыққанда тағып жүру тек ұсыныс ретінде айтылғанымен, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі бұл сақтық шарасын қазақстандықтардан орындауын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маска тағу - ағзаға инфекция түсуден, соның ішінде COVID-19-дан қорғайтын механизмдердің бірі. Жабық ғимаратта, үй-кеңселерде немесе дәріхана, сауда орталықтары мен дүкендерде, соның ішінде көлік құралдарында міндетті түрде маска тағу керек", - деп мәлімдеді брифингте Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Басқа жерлерде, коронавирусқа күдікті адамға, сондай-ақ дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіруі сияқты ауру белгілері пайда болған адамға көмектескіңіз келсе масканың болғаны дұрыс.

"Жабық орындардан тыс жерде маска тағу - халық арасында вирус жұқтыру қаупін азайту үшін ұсынылады. ДДҰ мәліметтері бойынша, адам 3-5 минутта бетіне кем дегенде бір рет қолын тигізеді, бұл инфекцияны жұқтырудың қаупін арттырады. Сондықтан адам жасына қарамастан далада бетперде тағуге кеңес береміз", - деді ол.

Оның айтуынша, адамдардың көбі масканы дұрыс тақпайды, мысалы, тек аузын жабады, сирек ауыстырады. Сондай-ақ, ол маскадан басқа өзін-өзі оқшаулау, қолды антисептикпен өңдеу және жиі жуу коронавирустан құтқара алатынын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети