29 шілде 2020 | 11:38

"Көшені кәдімгі сумен дезинфекциялап жатыр" - министрлік видеоға түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Шымкент тұрғынының көшені қарапайым сумен дезинфекциялап жатыр деген сөзіне түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Шымкент тұрғынының көшені қарапайым сумен дезинфекциялап жатыр деген сөзіне түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкенттік тұрғын дезинфекция жасап жатқан әскерилер көшені қарапайым сумен тазалап жатқанын айтып, айыптаған. Видео 28 шілде әлеуметтік желілерде пайда болған. 

"Бұл кәдімгі су ғой. Халық сендерге сенеді ғой, көшелерді дезинфекциялық ерітіндімен тазалап жатыр деп ойлайды. Ал сіздер оған тағы жанармай құртып, қарапайым су шашып жүрсіңдер. Бұған дейін көшені тазалаған кезде иіс шығып тұратын, ал мынау кәдімгі су. Қолыма құйшы, қолымды, бетімді, көзімді жудым - бұл иісі жоқ кәдімгі су. Керек блса суды іше аламын", - дейді видеодағы келіншек. 

Ол алғашында дезинфекция жүргізіп жатқандарға рақметін айтып, есік алдын тазалатып алуды сұрайын дегенін айтады. Қызметкерлер келіншекке сұйықтықты әкімдік бергенін айтқан. 

Қорғаныс министрлігі видеоға түсініктеме берді. 

"Негізі бұл әкімдік бөлімшелері беретін, көшені дезинфекциялау үшін қолданылатын арнайы ерітінді. Сондықтан видеодағы мәліметтер шындыққа жанаспайды", - деді министрлік өкілдері.  

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта дезинфекциялық препараттармен әкімдіктердің санитарлық өңдеу бөлімшелері қамтамасыз етеді.

"Олардың бірнеше атауы бар, бірақ бәрінің құрамында хлор мен басқа да тотықтырғыш заттар бар. Қолданыстағы препараттар бактерия, вирустардың көзін жояды. Медицина мен шаруашылықта олар қауіпті инфекцияларды жою үшін қолданылады. Кейбір қала бөлімшелері қолдануға дайын ерітінді алады, ал басқаларында – жергілікті жерлерде дайындалған концентрацияланған препарат, қолдану және дайындау жөніндегі нұсқаулық қатаң сақталады, әр партияға ерітінді дайындаудың комиссиялық актісі жасалады. Егер нысандарды ашық ауада өңдеу үшін бір препараттар қолданылса, үй-жайлардың ішінде осы мақсаттарға арналған басқа препарат пайдаланылады", - деп түсіндірді министрлік өкілдері. 

Қорғаныс министрлігі "қолданылған ерітінділер адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян тигізбейтінін" айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети