Көшпенділер ізімен Тараздан Түркістанға

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Тарихтың темірқазығы" атанған жиырма ғасырдың жауһары, екі мың жылдың жауқазыны текті Тараз қаласынан "Ер түріктің бесігі, екі дүние есігі" - киелі Түркістанға арнайы көш түзеп, көшпенділер жолымен керуен жолға шықты. Облыстың Түркістандағы күндері аясында "Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан - түркілер бесігіне" атты көш түзеген керуенді шығарып салу салтанаты Қазақ хандығының қазығын қағып, туын тіктеген Керей мен Жәнібек хандардың монументі алдында өтті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Тарихтың темірқазығы" атанған жиырма ғасырдың жауһары, екі мың жылдың жауқазыны текті Тараз қаласынан "Ер түріктің бесігі, екі дүние есігі" - киелі Түркістанға арнайы көш түзеп, көшпенділер жолымен керуен жолға шықты. Облыстың Түркістандағы күндері аясында "Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан - түркілер бесігіне" атты көш түзеген керуенді шығарып салу салтанаты Қазақ хандығының қазығын қағып, туын тіктеген Керей мен Жәнібек хандардың монументі алдында өтті.

Шараға ақ жағалы атқамінерлер мен зиялы қауым өкілдері, күміс көмей, жез таңдай әншілер мен өнер иелері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

"Тараз тарихымыздың темірқазығы" - деп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, халқымыздың тамыры терең тарихынан басталатын руханиятын бүгінгі және болашақ ұрпаққа паш ету бүгінгі күннің басты парызы.

Шараның басты мақсаты - керуен жолы XX ғасырдың басына дейін сақталып келгендігін, Қытай, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырғандығын көрсету, жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтаудың жолдары ретінде ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүрді сақтау, жаңғырту, Тараздың Орталық Азиядағы ең көне қалаларының бірі екенін айшықтау.

Салтанатты сәтте К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әннен шашу шашып, А.Тоқпанов атындағы облыстық Қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы театрландырылған қойылым ұсынды. Қазақы дәстүрмен ақ бата беріліп, мәдени,рухани керуен бабалар ізімен Түркістан жеріне аттанды.

Айта кетсек, Жамбыл облысының Түркістан облысындағы күндері аясында бүгін және ертең Тараз - Ұлы даланың көне шаһары" атты жылжымалы көрме, облыстық кітапханалардың "Өткені - өнеге, бүгіні - бекем, болашағы - жарқын Жамбыл өңірі" атты жылжымалы мәдени шарасы, "Тараздан Түркістанға шашу" атты мерекелік концерті ұйымдастырылмақ. Ал күйменің құрамында  10 түйе, 6 бота, 20 ат, 3 ат арба, 1 керуен басы, 1 жыршы, 1 батыр, 14 қыз-жігіттер бар. Өңір басшысының бастамасымен,  облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отырған өңіраралық мәдениет күндері аясында тағылымды шаралар да көпшіліктің назарына ұсынылатын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 495.59  course up  538.61  course up  5.74  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer