Қосшыда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қосшыда 3 жасар бала терезеден құлап кетті elements.envato.com

Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала төртінші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала төртінші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 21 мамырда болған.

"Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Зардап шеккен бала Нұр-Сұлтан қаласы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды", - делінген хабарламада.

Полиция өкілдері бүлдіршін анасы дүкенге шығып кеткенде терезеден құлағанын айтты.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Отбасы екі бала тәрбиелеп отыр. Арнайы органдардың есебінде тұрмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.71  course down  591.04  course down  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети