Қостанай әкімі Ахметбек Ахметжанов өзінің екі орынбасарының - Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелянның ұсталғанын естігенде абдырап қалғанын айтты, - деп хабарлайды "Наша газета". Олар таяуда ұсталған болатын. Қалиев 2015 жылдың 1 тамызында "Премиум Палас" мейрамханасының маңында ұсталды. Ал Аракелян 3 тамызда жұмыс бөлмесінде ұсталды.

Тілшілердің сұрағына телефон арқылы Қостанай қаласының әкімі қысқа жауап қайырды. "Мен не айта аламын? Менің өзіме бұл жағдай таңғалатын оқиға, түсіне алмай отырмын. Басқа айтатын сөз жоқ", - деп мәлімдеді ол.
Еске салайық, осыған дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіндегі дереккөз Аракелянның ұсталғанын бейресми түрде растаған еді. Ал оның алдында Қостанай әкімінің тағы бір орынбасары Мақсұт Қалиевтің ұсталғаны хабарланды. Қостанай қалалық №2 соты оны қамауға алуды санкциялады. Сонымен қатар, кәсіпкер Гагик Овнанян да ұсталып отыр. Ол әкім орынбасарына пара берді делінеді. Оларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдауға байланысты шешім Қостанайдың №2 сотында 5 тамызда шығады.