30 қаңтар 2015 11:07

Қостанай әкімінің орынбасары қала басшысының үстінен сотқа арызданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Валерий Полешко. ©top-news.kz Валерий Полешко. ©top-news.kz

Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Валерий Полешко жұмыстан өз еркімен кету туралы өтінішіне қол қоймағаны үшін қала әкімін сотқа берді, - деп хабарлайды "Наша газета" Қостанай қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, қала әкімі Ахметбек Ахметжанов орынбасарына қатысты тәртіптік кеңестің шешімі болғандықтан оны жұмыстан шығара алмай отыр.


Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Валерий Полешко жұмыстан өз еркімен кету туралы өтінішіне қол қоймағаны үшін қала әкімін сотқа берді, - деп хабарлайды "Наша газета" Қостанай қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, қала әкімі Ахметбек Ахметжанов орынбасарына қатысты тәртіптік кеңестің шешімі болғандықтан оны жұмыстан шығара алмай отыр.

Басылымның мәліметінше, Валерий Полешко қала әкімін оның жұмыстан өз еркімен кету туралы жазған өтінішіне қол қоюға мәжбүрлеу жөнінде талап арыз жазған. 

Еске сала кетейік, 12 желтоқсанда тәртіптік кеңес Валерий Полешко мен  облыстық мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау департаменті бастығының міндетін атқарушы Қайырбек Ерденовті газбен қамтамасыз етілмеген көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға бергені үшін жұмыстан шығаруды ұсынған еді. Тәртіптік кеңестің мұндай шешіміне прокурорлық әрекет ету шаралары негіз болды. Прокурорлардың мәліметінше, 2013 жылдың 20 желтоқсанында Қостанай қаласы әкімінің орынбасары "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша тұрғызылған үйдің мемлекеттік қабылдау комиссиясының төрағасы бола отырып үйді пайдалануға беру туралы қабылдау актісіне заңсыз қол қойған. Ғимаратта газбен қамту жүйесі болмай шықты, соның салдарынан 126 пәтердің тұрғындары сегіз ай бойы газсыз отырды. 

"Қаңтардың 8-і күні Ерденов ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен қызметтен босатылды. Ал қабылдау комиссиясының төрағасы болған Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Валерий Полешко 20 қаңтарға дейін тәртіптік жауапкершілікке тартылуы тиіс еді. Бірақ Полешко денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз болғандықтан демалысқа кетіп, заңға сәйкес бұл кезде тәртіптік кеңес шешім шығара алмады", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, Полешко сотқа жазған арызында жұмыстан кету туралы шешім шығаруына денсаулығының жарамсыздығы себеп болғанын түсіндірді. Сондықтан ол жұмыстан кету туралы өтінішін 2014 жылы 25 желтоқсанда жазып қойыпты, ал 19 және 20 желтоқсан күндері оның жүрегіне екі операция жасалған. Алайда Қостанай қаласы әкімінің аппарат басшысы Рүстем Қаркенов Полешкоға оны жұмыстан өз еркімен шығара алмайтынын айтқан, себебі оған қатысты тәртіптік кеңестің шешімі бар. Енді бұл мәселені сот шешіп береді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети