Қостанай облысының Аңшылар мен балықшылар қоғамы қасқыр атуға бақылау қоюды ұсынып отыр. Сарапшылар пікірінше, аймақта бұл аңның жойылып кету қаупі бар, - деп жазады "Алау" басылымы.
Қостанай облысының Аңшылар мен балықшылар қоғамы қасқыр атуға бақылау қоюды ұсынып отыр. Сарапшылар пікірінше, аймақта бұл аңның жойылып кету қаупі бар, - деп жазады "Алау" басылымы.
Ресми статистика бойынша, облыста 450 қасқыр ғана қалған. Биыл бұл жыртқыштар өте тыныш. Облыстың Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының мәліметі бойынша, былтыр 20 қасқыр атып алынған. Дегенмен бұл ресми мәлімет, ал бұл жыртқышты аулауға ерекше рұқсаттың жоқтығынан аңды кез келген адам атып алып жүр.
"Қасқыр ауланатын аңдар қатарына кірмейді, ол реттелуге жататын аң. Аңшылық кезінде адамға қасқыр жолығып қалса, жыртқышты аулап алуға рұқсат етілген", - деп атап өтті аймақтың инспекция маманы Дәуіт Тәжібаев.
Қостанай облысының Аңшылар мен балықшылар қоғамының төрағасы Анатолий Коваленко қасқыр жойылып кетпес үшін, оны аңшылыққа жататын аңдар қатарына кіргізу керектігін айтады. "Қасқыр Қостанай облысының тарихындағы қайғылы естелік қана болып қалуы мүмкін, өйткені қармен жүретін техника пайда болғалы қасқыр азайып кетті. Ешбір аң ол техникадан қашып құтыла алмайды. Өте азайып кетті", - дейді Коваленко.
Әзірге бұл ұсыныс бойынша шенеуніктерден оңды жауап келмеген көрінеді.