Қостанай құс фабрикасы жұмыртқа бағасын көтерді деген күдікке ілінді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай құс фабрикасы жұмыртқа бағасын көтерді деген күдікке ілінді

Қостанайдағы "Жас қанат-2006" құс фабрикасына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінен мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, "Жас қанат-2006" ЖШС құс фабрикасы Қазақстанның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзған.

"Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 1) тармақшасын бұзу белгілері бойынша Қостанай облысындағы құс фабрикасына қатысты тергеуді бастады. Атап айтқанда, ЖШС жұмыртқаны көтерме сату кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, ұстап тұру бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдаланған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети