19 қыркүйек 2015 | 15:34

Қостанай облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Алматыда жаңа қызметке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Кostanayagro.kz © Кostanayagro.kz

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК" акционерлік қоғамының ұжымына жаңа басшыларын таныстырды. Премьер-министрдің канцеляриясының және корпорация директорлары кеңесінің шешімімен бұл қызметке Мұрат Дәрібаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Кездесу барысында Байбек басқарманың бұрынғы төрағасы Қайрат Көлбаевқа халықаралық компаниялармен байланыс орнатып, корпорацияда кешенді аудит және қайта ұйымдастыру жүргізгені үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар, қала басшысы ӘКК жаңа басшысына мемлекеттік-жекеменшік негізінде инвестиция тарту, компанмяны бәсекеге қабілетті ету, корпорацияның активтерін басқарудың тиімділігін көрсету, экономикалық қиын кезеңде жаңа іс-әрекеттер жасау тапсырмаларын қойды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дәрібаев мемлекеттік қызмет пен коммерциялық секторда үлкен тәжірибеге ие. Екі бірдей жоғарғы білімі бар - құрылыс инженері және экономист. Бұған дейін Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің директоры, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, "Бүркіт" Мемлекеттік әуе компаниясында" бірінші орынбасар, Өнеркәсіп комитетінде басқарушы, Президент әкімшілгінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды. Соңғы қызметі - Қостанай облысы әкімінің орынбасары.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети