Қостанай облысына жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысына жаңа әкім тағайындалды © alashainasy.kz

Қостанай облысына жаңа әкім келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысына жаңа әкім келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов 1972 жылы 6 маусымда Ақтөбе облысы Алға ауданында дүниеге келген. Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша - инженер-электрик, қаржы бакалавры.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласының коммерциялық құрылымдарында бастаған. Ақтөбе облысының сыртқы-экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының бастығы, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік директоры, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі қызметтерін атқарды. 2011 жылғы 22 шілдесінен бастап Ақтөбе облысының әкімі қызметінде болды.

Осыған дейін бұл қызметте Нұралы Сәдуақасов болып келген еді, ол Қостанай облысының әкімі қызметіне 2012 жылдың 20 қаңтарында келген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети