Қостанай облысында 23 сиыр тиеген көлік аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында 23 сиыр тиеген көлік аударылды Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысында ет өңдеу комбинатына бара жатқан 23 сиырды тиеген ауыржүктасығыш көлік аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында ет өңдеу комбинатына бара жатқан 23 сиырды тиеген ауыржүктасығыш көлік аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейін аймақ полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады.

"21 тамызда кешке Қостанай-Мамлютка автожолының 26-шы шақырымында Volvo жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жыраға аударылды", - делінген хабарламада.

Жүк арбада 23 сиыр болғані, ер адам оларды Солтүстік Қазақстан облысынан Заречное кентіндегі ет комбинаттарының біріне апара жатқан.

"Оқиға салдарынан жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ. Бірнеше сиыр жарақат алды", - деп нақтылады полиция.

Оқиға орнына жүк көлігінің манипуляторы келді, оның көмегімен жануарлар тиелді. Осыдан кейін көлік полицейлердің сүйемелдеуімен межелі жерге барады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети