Қостанай облысында аурухананың 15 қызметкерінен коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында аурухананың 15 қызметкерінен коронавирус анықталды Фото:elements.envato.com

Жітіқара орталық аудандық ауруханасында науқастар мен қызметкерлерден коронавирус анықталуына байланысты екі бөлімше карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жітіқара орталық аудандық ауруханасында науқастар мен қызметкерлерден коронавирус анықталуына байланысты екі бөлімше карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ауруханада терапевтік және хирургиялық бөлімдер карантинге жабылды.

Карантин 4 қарашадан 19 қарашаға дейін жалғасады. Барлығы 18 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 15-і сол аурухананың қызметкері болса, үшеуі науқастар.

"Санитарлық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық режимді күшейте отырып, балаларға кеңес беру бөлімі мен шұғыл көмек көрсету бөлімі жұмыс істейді (хирургиялық, гинекологиялық, терапиялық қабылдау)", - делінген қаулыда.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети