05 қараша 2020 | 14:25

Қостанай облысында екі апталық қатаң карантин енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS Сурет: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Қостанай облысында шектеу шаралары күшейтіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Alau.kz сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында шектеу шаралары күшейтіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Alau.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысында соңғы уақытта облыста коронавирус жұқтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделене түскені атап өтілген. Осыған байланысты COVID-19-дың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында облыстық жедел штаб 2020 жылы 9 қарашадан бастап 2 апта мерзімге карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады, атап айтқанда:

  1. Қостанайда қаланың периметрі бойынша блокбекеттер орната отырып, ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдар ауданында карантин енгізілсін;
  2. КВИ-дың күн сайынғы өсімі 10-нан асатын елді мекендерде санитариялық блокбекеттер орнату;
  3. Жүк көлігі мен жолаушыларға Қостанай облысына ПТР анықтамасыз кіруіне тыйым салынсын, болмаған жағдайда адамдар тексерілу үшін 2 күнге карантиндік госпитальға жатқызылады;
  4. Әуе жолаушыларында нәтижесі теріс ПТР анықтамасы міндетті түрде болуы керек (мерзімі берілген сәттен бастап 3 тәуліктен артық емес);
  5. Қостанай облысы елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысы 21:00-ден 06:00-ге дейін шектелсін;
  6. Қоғамдық көліктің жұмысына 06.00-ден 20.00-ге дейін толымдылығы отыратын орындар саны бойынша ғана рұқсат беру.
  7. Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру;
  8. Үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі, алайда ғимаратта келушілер саны бір мезгілде 30 адамнан аспауы тиіс, жұмыс күндері жұмыс режимін 08.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар және т.б. өткізбеу, 21.00-ден кейін тек алып кету және жеткізу жұмыс істейді. Жексенбі, мереке күндері және 21.00-ден кейін алып кету және жеткізу арқылы ғана жұмыс істеу;
  9. Такси қызметін 21:00-ден 06.00-ге дейін шектеу, жолаушылар саны 2 адамнан аспауы керек;
  10. Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80 пайызын қашықтан жұмыс режимге көшіру;
  11. Театрлардың, кинотеатрлардың қызметін тоқтата тұру. Сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер үшін жұмыс режимін 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети