04 наурыз 2018 | 14:00

Қостанай облысында жаңа қаланың атауы Тобыл деп өзгеруі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© altynsarin.ru © altynsarin.ru

Қостанай облысындағы Затобол ауылының атауы мен статусы өзгеруі мүмкін. Бұл мәселені өңірдің басшылығы мен жұртшылық қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысындағы Затобол ауылының атауы мен статусы өзгеруі мүмкін. Бұл мәселені өңірдің басшылығы мен жұртшылық қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда аудан орталығында 25 мың тұрғын бар. Екі жыл қатарынан бұл ауылда баспана құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Шаршы метрлердің ұлғаюы келешекте тұрғындар санын да екі еселеуге жол ашады деп күтілуде.

"Затоболға жаңа статус беру туралы мәселені қарастыру бойынша тапсырма бердім. Затобол спутник-қала сияқты дами түседі. Біз қазір бірнеше ықшамауданды жетілдіріп жатырмыз, себебі Қостанай қаласында жердің саны шектеулі, территория үлкен емес", - деді облыс әкімі Архимед Мұхмбетов аппарат кеңесінде.

Айта кетейік, ауылдың жаңа статусы өзге атаумен бірге берілуі мүмкін. Жергілікті әкімдіктегілердің айтуынша, аудан орталығының атауын өзгерту туралы бастаманы бастамашы топ ұсынған. Бастапқыда ұсынылған екі атау бар - Құттыалап және Тобыл. Кейін екінші нұсқаға тоқтаған.

18 наурызда аудан орталығында жұртшылықтың жиыны болады, ол жерде атауды өзгерту туралы айтылады. Кездесуде кез келген адам өз ойын білдіре алады. Алайда нақты шешімді жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағалары қабылдайды.

Айта кетейік, Қостанай облысында Тобыл деген елдімекен бар. Ол Таранов ауданында орналасқан, ірі темір жол торабына келіп қосылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети