Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызды дельтапланмен іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызды дельтапланмен іздестіріп жатыр

7 тамыз таңертең жоғалып кеткен бес жасар Мәдина Ерланқызын кешкі уақытта іздестіру үшін дельтаплан жұмылдырылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дельтапланды қостанайлық компаниялардың бірінің басшысы Сергей Хоменко қамтамасыз етті. Оның компаниясы облыстағы авиациялық-химиялық жұмыстармен айналысады.

"Маған Қостанай облысында жоғалған баланы іздестіру жұмыстары жүріп жатқаны туралы хабарланған бойда өз көмегімді ұсынғым келді. Дельтаплан жоғалғант адамды іздестіру жұмыстарында тиімді", - дейді Сергей.

Ведомствоның мәліметінше, із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеуде дельтапландардың бірнеше рет пайдасы болған.

Мадина 1000 гектардан аса аумақта іздестіріліп жатыр.

"Іздеу жұмыстары егістік алқаптары арқылы және Тобыл өзенінің арнасы бойымен жүзеге асырылып жатыр. 500-ден аса азамат еріктілер қатарына қосылды. Іздеу жұмыстарына кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары көмек көрсетті", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети