Қостанай облысының Рудный қаласында із-түссіз жоғалып кеткен жеті жасар Виктория Ганяны іздеуге үш мыңнан астам адам қатысып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облысының Рудный қаласында із-түссіз жоғалып кеткен жеті жасар Виктория Ганяны іздеуге үш мыңнан астам адам қатысып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Тілеген Мәткенов қолайсыз ауа-райына қарамастан іздеуге көмек беріп отырған еріктілерге алғыс білдірді. "Қызды іздеп жүргендерге көбі азық-түлік, ыстық шәй әкеп беріп отыр. Іздеу жұмыстарына Арнайы күзет қызметі басқармасының, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатының жұмысшылары мен еріктілер жұмылдырылды. Әсіресе блогерлерге ризашылық білдіремін, олар жоғалған қыз бен күдікті ер адам туралы ақпаратты дереу тарата білді. Бұл полиция мен жұртшылықтың біріге отырып жұмыс істей алуының көрсеткіші. Сонымен бірге бұл барлығына жалпы бірдей қайғы болды",- деді Мәткенов.
Еске сала кетейік, 24 сәуір күні жеті жасар Виктория Ганя өз үйінің ауласында ойнап жүріп, ұшты-күйлі жоғалып кеткен болатын. Қыздың бет әлпеті еуропалық сипатта, бойының ұзындығы 100 см, беті сопақ, шашы қара, қастары имек, ерні жіңішке. Сол күні ол үстіне сары түсті күрте, күлгін түсті шұлық киген, басында ақ түсті орамал мен аяғында сұр түсті аяқ киімі болған. Полицияның ақпараты бойынша, бұл іске 30-35 жастағы, бойы орташа келген еуропалық ер адамның қатысы болуы мүмкін.
Жоғалған қыз бен күдікті туралы ақпарат бойынша полиция мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 102, 8(714-2) 52-60-22, 52-60-21 и 8(714-31) 45252, 44893.