Қостанай облысында жоғары лауазымды полицей жанжалдан кейін отставкаға кетті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жоғары лауазымды полицей жанжалдан кейін отставкаға кетті Қайрат Әбдіхалықов. Сурет: qostanay.media

Қостанай облысы Сарыкөл ауданының полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіхалықов жалған нөмірге қатысты жанжалдан кейін отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысы Сарыкөл ауданының полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіхалықов жалған нөмірге қатысты жанжалдан кейін отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" сайтына сілтеме жасап. 

"Сарыкөл ауданының полиция бастығы Қайрат Әбдіқалықов жұмыстан шығуға арыз жазып, отставкаға кетті", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.

Басылымның мәліметінше, оның жұмыстан шығуына полицейдің SsangYoung жол талғамайтын көлігінде Chevrolet Niva-дағы 787 ELA 10 нөмірі байқалғаны әсер еткен, бір нұсқа бойынша бұл сол ауданның прокуроры Асқар Сыздықовтың қызметтік көлігі болуы мүмкін. Ал ол көлікте 044 ҚР 10 нөмірі байқалған.

Қызметтік тергеу қорытындысына сай, ПД басшысының орынбасары айтуынша SsangYoung жүргізушісін анықтай алмаған.

"Видеода көрсетілген суреттерде көлік жүргізушісінің бет-әлпеті анық емес, сондықтан оның Әбдіхалықов немесе оның жүргізушісі екенін дәлелдеу қиын. Көлікті тінту кезінде жалған нөмірлер де табылған жоқ. Жүргізуші мен полиция басқармасының бастығы өз кінәсін мойындамады", - дейді Ынтықбаев.

Мемлекеттік қызметкердің этика кодексін бұзғаны үшін жүргізуші мен полиция басқармасының бастығы қызметінен босатуға дейін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысының прокуроры Берік Әбілов басылымның сауалына қысқаша жауап берген. Оның айтуынша, қылмыстық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети