19 сәуір 2021 | 11:55

Қостанай облысында жолда қозғалған мұз жүргізушілерді таңғалдырды

© Аlau.kz

Қостанай облысында жүргізушілер жолды жауып қалған мұзды видеоға түсірді. Кадрларда мұз жол бойымен қозғалып барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аlau.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жүргізушілер жолды жауып қалған мұзды видеоға түсірді. Кадрларда мұз жол бойымен қозғалып барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аlau.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео авторы мұндайды бұрын-соңды көрмегенін айтады.

Реклама
Реклама

Қостанай облысы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев 18 сәуірден бастап мұз сеңінің кесірінен жолдар жабылғанын атап өтті.

"Бұл Сарыкөл ауданындағы республикалық маңызы бар жол. Биіктігі 5 метрге дейінгі мұз сеңі шамамен 500 метр жолды жауып тастады. 19 сәуір таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша, 50 метр мұзды алып тастау ғана қалды. Бұл табиғи құбылыс. Мұның бәрі қатты желден болып отыр", - деді Олжас Нұрғалиев.

Еске салайық, бүгін, 19 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Көкшетауда үсік болады. Синоптиктердің болжамынша, аптаның ортасында түнде Алматыда да ауа температурасы төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Доллар бағамы өсті