1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қостанай облысында жолда қозғалған мұз жүргізушілерді таңғалдырды 19 сәуір 2021, 11:55

Қостанай облысында жүргізушілер жолды жауып қалған мұзды видеоға түсірді. Кадрларда мұз жол бойымен қозғалып барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© Аlau.kz © Аlau.kz

Қостанай облысында жүргізушілер жолды жауып қалған мұзды видеоға түсірді. Кадрларда мұз жол бойымен қозғалып барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аlau.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео авторы мұндайды бұрын-соңды көрмегенін айтады.

Қостанай облысы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев 18 сәуірден бастап мұз сеңінің кесірінен жолдар жабылғанын атап өтті.

"Бұл Сарыкөл ауданындағы республикалық маңызы бар жол. Биіктігі 5 метрге дейінгі мұз сеңі шамамен 500 метр жолды жауып тастады. 19 сәуір таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша, 50 метр мұзды алып тастау ғана қалды. Бұл табиғи құбылыс. Мұның бәрі қатты желден болып отыр", - деді Олжас Нұрғалиев.

Еске салайық, бүгін, 19 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Көкшетауда үсік болады. Синоптиктердің болжамынша, аптаның ортасында түнде Алматыда да ауа температурасы төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!