Қостанай облысында карантин күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында карантин күшейтілді

Қостанай облысында карантин күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында карантин күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырында айтты.

Жедел штабымен карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылданды, оның ішінде:

Күнделікті шектеулер:
- қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимін 23 сағатқа дейін қысқарту, залда 30 орыннан аспайтын орын орнату;

- ашық ауада аттракциондардың жұмысын тоқтата тұру;

Демалыс күндеріндегі шектеулер:
 - қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салу;

- ауданы 2000 шаршы метрден астам сауда объектілерінің, азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;

- азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұру;

- азық-түлік емес тауарлардың бөлшек сауда объектілерінің жұмыс режимін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу;

- фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;

- қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру;

Бұл шектеулер 20 қазан сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Әкімдік мәліметінше, бүгінгі таңда Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети