12 қараша 2020 | 08:43

Қостанай облысында карантин күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Қостанай облысының бас санитар дәрігері Владимир Нечитайло тағы бір қаулыға қол қойды. Құжат 11 қарашада күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысының бас санитар дәрігері Владимир Нечитайло тағы бір қаулыға қол қойды. Құжат 11 қарашада күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулыға сәйкес, енді аймақта такси сағат 22.00-ден 06.00-ге дейін жүре алмайды. Жүргізушілер мен жолаушылар міндетті түрде маска тағуы керек.

Шаштараз, спа-орталығы, сұлулық салоны, косметикалық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр қызметі, массаж салоны, тұз шахталары алдын ала жазылу арқылы, бір келушіге төрт шаршы метр орын дайындап, сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбі күні бұл қызметтер жұмысты тоқтатады.

Азық-түлік дүкендерінің, оның ішінде минимаркет, супермаркет, гипермаркеттердің жұмыс кестесі сағат 08.00-ден 21.00-ге дейін болады, ал дәріханалар шектеусіз жұмыс істейді. 

Қаулының толық мәтіні облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети