Қостанай облысында қатаң карантин шаралары енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында қатаң карантин шаралары енгізіледі Сурет: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

23 маусымнан 30 маусымға дейін Қостанай облысында қатаң карантин шаралары енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы аймақтың бас мемлекеттік санитар дәрігері Владимир Нечитайло хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 маусымнан 30 маусымға дейін Қостанай облысында қатаң карантин шаралары енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы аймақтың бас мемлекеттік санитар дәрігері Владимир Нечитайло хабарлады.

Мынадай шешім қабылданды:

  • Меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметін тоқтата тұру (кезекші топтарды қоспағанда);
  • 20 адамға дейінгі топтармен ашық кеңістікте жаттығуды қоспағанда, спорт кешендерінің (үйірмелердің, секциялардың және басқа) жұмысына тыйым салу;
  • Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына шектеу қою, тек клиентке жеткізу және сыртқа шығару қағидасы бойынша істеу.

27-28 маусым аралығында Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаковск, Арқалық, Тобыл қалаларының аумағында локдаун режимі (төтенше жағдайға байланысты белгілі бір аймаққа еркін кіріп-шығуға тыйым салу) басталады, ол бойынша бірнеше тыйым бар:

  • Мынадай жағдайларды қоспағанда, тұрғындардың тұратын жерінен шығуына тыйым салынады: жұмысқа бару; медициналық көмекке жүгінуі; тұратын немесе жұмыс істейтін жеріне жақын дәріханалар мен дүкендерден азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды және медициналық заттарды сатып алу; қоқыс шығару; жеке көлікпен саяжайға жол жүру; тұрақты күтімді қажет ететін науқастар мен қарт адамдардың күтімі бойынша жол жүру; жануарларды серуендету.
  • Көрсетілген қалалардың аумағында ойын және ойын-сауық қызметінің барлық түрі.
  • Қалалық қоғамдық көліктің, оның ішінде саяжай бағыттарының қызметі.
  • Азық-түлік өнімдерін сататын сауда объектілерін қоспағанда, қала аумағындағы барлық сауда нысанының қызметі.
  • Азық-түлікті көтерме сатуды қоспағанда, сатылатын ассортиментке тәуелсіз барлық сауда базарының жұмысы.
  • Сквер, саябақтардың, жағалаулардың, оның ішінде солардың аумақтарында орналасқан тамақтану және сауда нүктелерінің, сондай-ақ жағажайлар мен демалыс базаларының жұмысы.

8-14 маусым аралығында 56 науқас есепке алынды, өсім 26,5 пайыз, 15-21 маусым аралығында 251 жағдай тіркелді, өсім — 94 пайыз болды. Коронавирус жұқтырғандар Қостанайда көп, 97 науқас бар, Рудныйда - 24 жағдай.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети