Қостанай облысында 22 жастағы Айгүл Құсайынованың Желіде пайда болған соңғы хатынан кейін қызметтік тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне сілтеме жасап.
Қостанай облысында 22 жастағы Айгүл Құсайынованың Желіде пайда болған соңғы хатынан кейін қызметтік тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне сілтеме жасап.
"Осы жағдайға байланысты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырмасымен Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тергеу шараларын жүргізген. Басқарманың мәліметінше 2016 жылдың ақпанында Қостанай облысының Жітіқара аудандық ауруханасында Айгүл Құсайыноваға "миастения" диагнозы қойылған. Емделуші содан кейін санитарлық авиацияның көмегімен Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілген, ол сол жерде үш апта бойы тәулік бойы стационардың ұарауында болды", - делінген Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген Денсаулық сақтау министрлігінің жауабында.
Айгүл ауруханадан шыққан соң, өзі тіркелген Қостанай аудандық емханасында ем алып жүрген, Рудный қаласында жүмыс істеген.
Маусым айында Айгүлді Рудный қаласының ауруханасына "Квинке ісінуі, аллергиялық реакциясы" диагнозымен жеткізген. Оған медициналық көмек көрсетілген. "Қызды ауруханаға жатқызбаған, себебі ол түскен ауруханаға кезде тәулік бойы стационарға жататындай көрсеткіштері болмаған. Осыдан кейін қызға өзі тіркелген жердегі емханаға баруға ұсыныс берген. Алайда Айгүл онда бармаған", - дейді Денсаулық саутау министрлігіндегілер.
Сонымен қатар, 2016 жылы 31 қазанда Басқармадан құралған комиссия мүшелері Айгүлдің ата-аналарымен кездескен. "Қайтыс болған қыздың туыстары Қостанай облыстық медициналық мекемелерге наразылығы жоқ. Туыстарының айтуынша, Айгүлдің соңғы хатын әлеуметтік желіде жариялау арқылы олар медицина саласының қызметкерлерін айыптауды ойламаған, тек Айгүлді еске алып, бақа да науқас адамдардың өз денсаулығына немқұрайлы қарамауын өтініп және дәрігер Сергей Акимовқа алғыс білдіргісі келген", - деді Денсаулық саутау министрлігіндегілер.
Сонымен қатар, қызметтік тексерістің қорытындысы бойынша Қостанай орталық ауруханасының амбулаториялық емхананың бас дәрігердің орынбасары осы мәселеде көпшілікпен дұрыс жүмыс істемеуіне байланысты тәртіптік шаралар қолданылған.
Еске салайық, Желіде Айгүл Құсайынованың соңғы хаты жарияланып, қоғамдық резонанс орын алған болатын. Айгүлдің соңғы хатын жариялауға оның апайы Нұргүл Құсайынова рұқсат беріпті. Ол мұны қазіргі жастарға сабақ болсын деп, өмірдің қайтып келмейтінін, және әр уақытын бағаласын деген оймен жариялаған.
Өкінішке орай қыз ауруды жеңе алмай, бақилық болған. Хатта ол өзінің өмірі, білімге құштарлығы және өзіңнің денсаулығың мұқият қарау керектігін жазған. Қыз өзінің ауруы асқанғанын, қанша жерлерге барғанын, қандай ауыртпалықтарды көргенін жазған. Сонымен қатар кей жерлерде оны емдеуден, ауруханаға жатқызудан бас тартқанын да жазған.
"Сәлем, менің аты-жөнім Айгүл Құсайынов. Жасым 22-де. Мектепте жақсы оқыдым. Жоғары оқу орнын қызыл дипломға бітірдім. Оқуды аяқтағаннан кейін Рудный қаласындағы мектептің біріне мұғалім болып орналастым. Сабақ беремін. Бірақ, оқу-оқу деп шапқылап жүріп денсаулығымды құртып алдым. Дұрыс тамақтанғам жоқ. Бәрі содан басталды. Анығында, басты байлық осы денсаулық екен. Аурудың алғашқы белгілері жұмысқа тұрғаннан сәттен-ақ белгі берді. Көзім тұманданып, басым айналатын. Сөйлеп тұрғанда даусым өзгеріп кететін. Кейін дәрігерлерге барып маған диагноз қойды. Қалқанша безімнен проблема пайда болды. Емдік дәрілерді қабылдап жүрдім. Бірақ, әсері болған жоқ. Ұйықтай алмайтынмын. Уақыт өте жүріп-тұрудан қалдым. Тіпті сөйлеуге де шамам келмеді. Ойымды қағазға жазып жеткізетін болдым. Ол уақытта мен жүріп-тұра алмайтынмын. Ал дәрігерлер мені бір кабинеттен екінші кабинетке сандалтты. Мен бір қасық суды жұтуға қиналамын, ал олар маған дәрі жазып берді".
Ауруы асқынған Айгүлді жақындары Рудныйдан 250 шақырым жердегі Жетіқара ауданының ауруханасына жатқызады.
"Ауруым күн өткен сайын дендей түсті. Жаным қиналды. Кей кездері менің ахуалымды бақылап жүрген дәрігерлерден мәңгілік ұйқыға жіберетін екпе салуды өтінетінмін…". Өз кезегінде дәрігерлер Айгүлді "бар өмірің алда, қайғырма" деп сабырға шақырған. "Бақыт деген сенің жүріп-тұрып, ішіп-жеп, тыныс алғаның екен ғой. Соған да тәубе деу керек. Одан артықтың керегі жоқ. Бақыт деген жаныңда әке-шешеңнің, жақын бауырларыңның болғаны екен. Тек солар ғана сен қиналған кезде көмек қолын созады. Қазір ғана қолыңда бар дүниені бағалай білу керектігін түсініп отырмын. Тек жақсылыққа сену керек. Жақсылық жасау керек. Менің өмір сүргім келеді. Өмір сүреріме сенемін" - деп жазған екен Айгүл өз хатында.