25 шілде 2017 13:11

Қостанай облысында қызды қағып кеткен жүргізуші оны өлтірмекші болған - Прокуратура

ПОДЕЛИТЬСЯ

© wroom.ru © wroom.ru

Қостанайдағы Затобольск ауылында қызды екі рет қағып кеткен "Газель" жүргізушісі сол кезде мас күйде болған. Сондай-ақ, оның бұл әрекеті адам өлтіруге оқталу дерегі ретінде тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура өкілдері оқиғаның мән-жайын айтып берді. Жол-көлік оқиғасы болмастан бұрын "Газель" жүргізушісі мен қыздың арасында жанжал болған.

"16 шілдеде Затобольск ауылында мас ер адам "Қызылдаш" кафесінде бұзақылық жасап, екі қызды ұрып жіберген. 15 минуттан соң күдікті кафе маңында орналасқан автотұраққа барып, қыздарды күтіп отырған. Содан қыздардың бірі шыққанда ол оны қасақана қағып кеткен. Нәтижесінде зардап шеккен қыз дене жарақатын алып қалды", - деді прокуратура өкілдері.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері бұл деректің адам өлтіруге оқталу дерегі ретінде тергеліп жатқанын айтып өтті. Қостанай облысының прокуратурасы осы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанай облысында жүргізушінің қызды қасақана қағып кеткені жайлы хабарланған болатын. Қостанай қалалық ауруханасына қыз бала ауыр халде түскен. Ол комада болды. Оны алып келген адамдардың айтуынша, "Газель" жүргізушісі қызды екі рет қағып кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети