Қостанай облысында мәслихат төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында мәслихат төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы және депутаты жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы және депутаты жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы мен депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

"Мәслихат төрағасы, онымен аффилиирленген фирманың жергілікті мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік сатып алу шарттарының талаптарын орындамауына байланысты аудит барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қолданбағаны үшін депутат арқылы облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 миллион теңге сомасында пара берді деп айыпталып отыр", - делінген хабарламада.

Биылғы 23 қаңтарда қадағалаушы прокуратура айыпталушыларды сотқа берді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети