16 шілде 2023 | 13:27

Қостанай облысында ірі көлемде есірткі сатқан тұрғын ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Polisia.kz

Қостанай облысында полиция қызметкерлері есірткі сатушыны ұстап, одан 100 миллион теңгеден аса сомаға синтетика партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында полиция қызметкерлері есірткі сатушыны ұстап, одан 100 миллион теңгеден аса сомаға синтетика партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тобылда "Қарасора - 2023" жедел алдын-алу шарасы шеңберінде күдіктіні ұстау операциясын жүргізді.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тобылда полиция қызметкерлері тінту кезінде 3 келіден аса синтетикалық есірткіні сақтаған күдіктіні ұстады. Бұдан басқа, 2 мыңнан аса оралған синтетика тәркіленді, бұл аса ірі көлем", - деп Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов облыстың 31 жастағы тұрғынын ұстау жөніндегі операцияның мән-жайын айтты.

Мұндай партияның құны 100 миллион теңгеден асады. Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жүргізілген сараптамаға сәйкес алынған зат - "мефедрон" синтетикалық препараты.

Қостанай облысында "Қарасора - 2023" жедел алдын-алу шарасы өткізіле бастағаннан бері 10 келіден аса түрлі есірткі құралдары тәркіленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети