Қостанай облысында саяжай бақшасына қарасора өсірген тұрғын әшкереленді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында саяжай бақшасына қарасора өсірген тұрғын әшкереленді Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полицейлер саяжай бақшасына қарасора өсірген тұрғынды әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында полицейлер саяжай бақшасына қарасора өсірген тұрғынды әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тобыл тұрғынының үйінен және жұмыс орнынан марихуана салынған 20-дан астам полиэтилен пакет пен орам тәркіленген. Сондай-ақ, оның саяжай ауласында қарасора өсірілгені анықталды. Өсімдіктердің саны — 18 түп, барлығы мұқият күтіп-бапталған.

Қостанай облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармалары бірлесіп жүргізген тінту шарасы нәтижесінде күдіктінің жұмыс орнынан да, тұрғын үйінен де заңсыз заттар табылды. Сараптама қорытындысы тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 3,4 келі екенін көрсетті.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети