Қостанай облысында туберкулезбен ауыратын әйел мектеп асханасында жұмыс істеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында туберкулезбен ауыратын әйел мектеп асханасында жұмыс істеген Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысының Боровское ауылындағы мектеп-гимназиялардың бірінде туберкулезге шалдыққан қызметкер жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қостанай облысының Боровское ауылындағы мектеп-гимназиялардың бірінде туберкулезге шалдыққан қызметкер жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Наурыздың басында Қостанай облысының Боровское ауылында туберкулезге қарсы дезинфекция жүргізілуіне байланысты мектеп-гимназиялардың бірі жұмысын уақытша тоқтатты.

Тексеруге мектеп асханасында бұрын туберкулезден емделген әйелдің жұмыс істегені туралы ақпарат себеп болған.

Аталған ақпарат расталғаннан кейін оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылып, мектепте үй-жайларды толық өңдеумен кешенді санитарлық-індетке қарсы іс-шаралар жүргізілді.

Санэпидбақылау мекемесінің түсініктемесі

Өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары Меңдіқара ауданындағы мектеп-гимназиялардың бірінде асхана жұмысшысының туберкулез инфекциясымен ауырғанына қатысты түсініктеме берді. Сондай-ақ тексеру кезінде асхананың өзге қызметкерлерінде жұмысқа рұқсаты бар жарамды медициналық кітапшалар болғаны анықталды.

"Тамақтану блогы қызметкерінің туберкулезбен ауырған жағдайы тіркелді. Сырқаттанған адам екі апта бойы асхана жұмысшысы болып істеген. Тергеу барысында аталған қызметкердің міндетті медициналық профилактикалық тексеруден өтпей жұмыс істегені және асхананың штаттық қызметкері ретінде тіркелмегені анықталды", - деді Қостанай облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының ұйымдастыру мәселелері жөніндегі міндетін атқарушы Бауыржан Баймұхаметов.

Бұл заңбұзушылық үшін жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Асхана жұмысшысынан туберкулездің қай түрі анықталғанына қатысты департамент өкілдері дербес деректерді қорғау және медициналық құпия туралы заңға сүйеніп, жауап бермеді.

Дезинфекциядан кейін мектептегі барлық оқушылар тексеруден өтті. Санитарлық дәрігерлердің түсіндіруінше, ауру белгілері мен симптомдары бар адамдар анықталған жоқ.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 475.63   557.14   6.08 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети