Қостанай облысында тұрғын көліктен қымбат сағаттар мен 3 миллион рубль ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында тұрғын көліктен қымбат сағаттар мен 3 миллион рубль ұрлап кеткен Фото: Polisia.kz

Қостанай облысында тұрғын көліктен қымбат сағаттар мен 3 миллион рубль ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында тұрғын көліктен қымбат сағаттар мен 3 миллион рубль ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақша мен сағатты ұрлады деген күдікпен Қостанай ауданының 40 жастағы тұрғыны қамауда отыр. Аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін оған бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Оқиға 25 желтоқсанда таңғы сағат 5-те болған.

Ведомство мәліметінше, үйлердің бірінің маңында тұрған Lexus 570 көлігінен құны 3 миллион теңге болатын сағат пен 3 миллион рубль ұрланған. Кейін ол үйге терезе арқылы кіруге тырысқан. Алайда бұл әрекеті сәтсіз болды, өйткені үй иелері оянып кеткен. Осыдан кейін қылмыскер белгісіз бағытқа қашып кетті. Сол күні полиция жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыскерді анықтады.

"Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексіің 188-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Барлық қажет тергеу және жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Қостанай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Юрий Полюхов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети