Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қостанай облысында ҰОС ардагерлерінің бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында ҰОС ардагерлерінің бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Николай Георгиевич Барабанов 1942 жылы тамызда майданға аттанған. Орталық және Дала майдандарындағы ұрыстарға қатысып, Украинаны азат еткен. Екі рет жараланған.

Майданға тылда да көмектесуін жалғастырады. Тельман атындағы астық совхозында механик болып жұмыс істеген.

"1944 жылы әкем анамды кездестірді. Ол: "Мен саған әлі үйленбеймін, сауығып кетейін, соғыс әлі жүріп жатыр, мен майданға кетем, сен жесір қалып қаласың – бұл не керек, соғыс біте салысымен үйленемін", – дейді. 1945 жылы 9 мамырда әкем анамды АХАЖ-ға апарған", - деп еске алады ардагердің ұлы Владимир 9 мамыр қарсаңында.

Фото: kstnews.kz

Басылым мәліметінше, Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының 19 ардагері бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети