Қостанай облысында вакцинацияны тоқтатуға тура келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында вакцинацияны тоқтатуға тура келді Фото: Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысында коронавирусқа қарсы вакцинация жұмыстарын тоқтатуға тура келді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында коронавирусқа қарсы вакцинация жұмыстарын тоқтатуға тура келді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, бұған өңірде "Спутник V" вакцинасының бітіп қалуы себеп болған. 

Вакцина салдыруға ниетті адамдар саны күн сайын артып келеді екен. Мамандардың сөзінше, вакцинаның кезекті партиясы келе жатыр. Ол медицина мекемелеріне жақын күндері жеткізіледі.  

Телеарна мәліметінше, вакцинация басталғалы өңірде коронавирусқа қарсы екпе 30 мың адамға салынған. 

"Екі аптадан бері вакцина салдырғым келіп жүрді, уақыт тапшы болды. Жұмыста болдым. Бүгін уақыт тауып, ауруханаға келдім. Маған, өкінішке қарай, вакцина бітіп қалғанын айтты. Жақын арада келеді деп үміттенемін", - дейді Қостанай қаласының тұрғыны Еркін Қоңырша.  

Бүгінде вакцина Нұр-Сұлтан қаласында екен.

"Ертең қоймаға түседі деп күтіп отырмыз. Облысқа шамамен 5 мың доза вакцина әкелінеді. 25-26 сәуірде 21 мың доза және 28 сәуірде 6 мың доза әкелінеді деп күтіп отырмыз", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети