Қостанай облысындағы вандалдар бүлдірген Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш жөндеуден өткізіліп, реставрацияға жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Зеречный ауылы әкімінің орынбасары Альмира Сәбитоваға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатқанымен, әзірше бұзақылар табылмады. Қазірге дейін ескерткіштің жұлынып қалған басы табылмады.
Еске сала кетейік, Қостанай облысының Заречный ауылында вандалдар Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқандарға арналып қойылған ескерткішті бүлдірген болатын. Белгісіз біреулер 1963 жылы қойылған ұзындығы үш метр болатын солдат ескерткішінің денесін бүлдірген. Қостанай облыстық ІІД оқиғаның 18 қазанға қараған түні болғанын айтты.
Осы дерек бойынша "Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Болжам бойынша, бұзақылар ескерткіштің бөліктерін металл қабылдау орындарына сатпақ болған.