Қостанай облысында заңсыз схема әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында заңсыз схема әшкере болды Polisia.kz кадры

Қостанай облысында орманды заңсыз кесу схемасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында орманды заңсыз кесу схемасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысында полиция қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, ағаш дайындау және оны өткізу бойынша күдікті топтың әрекетін тоқтатты. Жедел деректерге сәйкес, топтың бір мүшесі орман қоры учаскесін өңдеу құқығын аукцион арқылы алғанымен, бұл рұқсатты орман отырғыларын заңсыз кесуді жасыру үшін пайдаланған.

"Фигуранттардың "қарағай" тұқымдас ағашты дайындаумен және оны бақылауындағы арналары арқылы өткізумен айналысқаны анықталды. Тергеу іс-шаралары барысында арнайы техника, көлік құралдары, дайындалған ағаш, сондай-ақ шикізатты дайындау және айналымына қатысты құжаттар тәркіленді. Полицияға 20 фигурант, оның ішінде ұйымдастырушы, орындаушы және делдал ретінде қатысқан тұлғалар жеткізілді", - делінген хабарламада.

Заңсыз схеманың барын растайтын айғақтар мен дәлелдер алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сараптамалар тағайындалып, кесілген орманның нақты көлемі мен мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети