Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы зираттан нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы зираттан нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нәрестенің өлімі туралы мәлімет әлеуметтік желіде тараған. Онда баланың пакетте бірнеше сағат жатқаны жазылған.
"Оның денсаулығы қандай жағдайда екені белгісіз. Тек нәрестенің өлі немесе тірі екеніне болжам жасай аламыз", - делінген желідегі жазбада.
Өкінішке қарай, нәресте қайтыс болды.
"27 мамырда аудандық полиция бөлімі нәрестенің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тәртіп сақшылары оның анасы мен куәгерлерді іздеп жатыр. Тергеу аясында сараптама тағайындалды", - дейді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Нәрестенің денесінде дене жарақаты болмаған.
Тіркелген факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 100 бабы ("Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.