03 қараша 2022 | 10:24

Қостанай облысындағы өрт: қазақстандықтар жинаған ақша қайда жұмсалды?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қайырымдылық KZ" қоғамдық қоры Қостанай облысында қыркүйекте болған өрттен зардап шеккендерге қанша төлегенін және қаржы қайда жұмсалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қайырымдылық KZ" қоғамдық қоры Қостанай облысында қыркүйекте болған өрттен зардап шеккендерге қанша төлегенін және қаржы қайда жұмсалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде "Қайырымдылық KZ" қоғамдық қорына 1 миллиард 257 миллион ​​43 мың теңге түскен. Қаржы әлі де түсіп жатыр. Қор мәліметінше, бірінші кезекте үйлері толығымен өртенген азаматтар көмек алған. Мұндай зардап шеккендерге бір миллион теңгеден бөлінген.

"Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккен 14 адамның әрқайсына 1,3 миллион теңгеден көмек көрсетілді. Осылайша, жалпы шығын 18,2 миллион теңге болды. Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккен тағы 91 адамға бір миллион теңгеден көмек көрсетілді. Жалпы алғанда, олар қордан 91 миллион теңге бөлді", - деді қор өкілдері.

Тағы 500 мың теңгеден Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккен 74 адам алған. Бұл да бір реттік қаржылай көмек.

Өрт кезінде малдары: ірі қара, құс және ұсақ малдан айырылған адамдарға жеті миллионнан аса төлем төленген.

"Әулиекөл ауданында малдың қырылуына байланысты 11 адамға 7,6 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. Әулиекөл ауданында бес ШҚ (шаруа қожалықтары – еск.) 30,3 миллион теңге, тағы бір жәбірленуші көлігі үшін миллион теңге алды", - деп толықтырды қор өкілдері.

Қарасу ауданының тұрғындары да қордан толық немесе ішінара өртенген баспаналары мен малдары үшін өтемақы алған. Қор мәліметінше, сегіз адам бір миллион теңгеден алған. Сонымен қатар, қор қаражатын тарататын комиссия Қостанайдағы өрттен зардап шеккен сегіз адамға көмек көрсету қажет деп тапты. Оларға да бір миллион теңгеден төленген.

Зардап шеккендерге көмек көрсетумен қатар, "Қайырымдылық KZ" қоғамдық қоры құрылыс материалдарына, ормандарды өрттен тазартуға арналған арнайы техникаға, көшеттерге және т.б. қаржы жұмсалғанын хабарлады.

"Жанар-жағармайға барлығы 15,6 миллион теңге жұмсалды. Орманшыларға арналған арнайы қысқы киімдер 55,5 миллион теңгеге түсті. Сондай-ақ, жалпы құны 44,8 миллион теңгеге құрылыс материалдары шығарылды, оның ішінде профиль құбыр құны 14 638 670 теңге, плитка және жаяу жүргіншілер жолы жиегі 4 884 880 теңге, тағы 4 704 700 теңгеге ДСП, тот баспайтын болаттан жасалған раковина, хром кран, сифон, гофрленген шланг алынды.

1 228 500 теңгеге қосымша 91 дана тұрақтандырғыш алынды. Жалпы сомасы 347,1 миллион теңгеге ормандарды өрттен тазартуға арнайы техникалар алынды. Сондай-ақ, қор 126 миллион 60 мың теңгеге алты "Беларусь" тракторын, тағы сондай сомаға аспалы тиегіштер, трактор тіркемелері сатып алынды. Тағы сегіз трактор мен қажетті құрамдас бөліктер қордан 187 миллион ​​140 мың теңге алынды", - деді қордағылар.

Осы шығындардан бөлек, қор қайырымдылық көмек көрсеткен. Аманқарағай ауылында екі ойын алаңы мен спорт алаңының құрылысына 22,7 миллион теңге бөлінген. Тағы 17,6 миллион теңге Әулиекөл ауылындағы балалар және спорт алаңдарының құрылысына жұмсалған.

Қор мәліметінше, Аманқарағай ауылында футбол, волейбол және баскетбол жаттығуларын жүргізуге арналған көпфункционал алаңның құрылысына 20 миллион теңге бөлінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети