03 мамыр 2023 | 09:19

Қостанай облысындағы ірі өрт: орман шаруашылығы басшысының соты өтіп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Басаман" орман шаруашылығы мекемесінің басшысы Асғат Жақашевке қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ТоболИнфо" сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Басаман" орман шаруашылығы мекемесінің басшысы Асғат Жақашевке қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ТоболИнфо" сайтына сілтеме жасап.

Басты сот отырысы 2 мамырда №2 сот ғимаратында басталды. Айыптаушы тараптың айтуынша, орман өрттері сотталушы Асғат Жақашевтың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жүйелі түрде жасауы салдарынан болған.

"Жауапкер 2019 жылдың 25 желтоқсанында "Басаман" орман шаруашылығы мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалған. Осы кезден бастап Жақашевта пайдакүнемдік ниет болып, баю және жеке пайда табу мақсатында заңсыз ағаш кесу үшін учаскелерді сатумен айналыса бастаған. Жақашев жұмыс істеген кезде оның Kaspi-дегі жеке кабинетіне 15 миллион теңге түскен. Заңсыз орман кесуден мемлекетке келтірілген жалпы шығын 505 текше метр болып, ақшалай есептегенде 4 324 956 теңге болған", - деп прокурор Таңат Тасов айыптау актісін оқыды.

Сонымен қатар, айыптауға бұған дейін Әулиекөл аудандық сотының 44 жастағы тракторшы Александр Рапейкоға қатысты шығарған үкімі негіз болды. Прокурорлардың айтуынша, екі іс бір-бірімен байланысты.

2022 жылдың 2 қыркүйегінде жеке ағаш өңдеуші Рапейкодан өзіне бекітілген ағаш кесетін учаскеге тіркеме әкелуге рұқсат сұрады. Тракторшы пайдаланатын құрал-жабдықтардың газ шығару құбырларында жұмыс істейтін ұшқын сөндіргіштері болмаған. Нәтижесінде ұшқыннан өрт шығып, Асғат Жақашев мұның бәріне жол берген. Өрт қауіпі кезеңінде орманда кез келген адамның болуына тыйым салынады.

Адвокаттар айыптау нұсқасымен келіспеді. Олардың айтуынша, екі істің бір-бірімен байланысы жоқ. Қорғаушы тараптан екі өтініш түскен: біріншісінде Әулиекөл аудандық сотынан Рапейконың ісін талап ету және оны зерделеу, екіншісінде оқиға орнында сот өрт-техникалық сараптамасын жүргізуді сұрайды.

Сот бірінші өтінішті қанағаттандырды, бірақ екіншісіне қатысты бірқатар сұрақ туындады. Соңында ол ашық қалды.

"Біріншіден, бізде мұндай сараптама жүргізетін қызмет бар ма? Екіншіден, мұндай уақыттан кейін деректер беру мүмкін болмай қалады деп ойламайсыз ба? Ашық тұрған кезде бұл арызды мерзімінен бұрын шеше алмаймын", - деді судья Алтын Байжұманова.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Еске салайық, 2022 жылдың күзінде Қостанай облысында бірнеше орман өрті болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети