Қостанай облысының 8 ауылы ішімдіктен бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысының 8 ауылы ішімдіктен бас тартты ІІМ баспасөз қызметі

Қостанай облысының 8 ауылы ішімдіктен бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысының 8 ауылы ішімдіктен бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин былтырғы қылмыстардың шамамен 27%-ы масаң күйде жасалғанын айтты. Бұған жауап ретінде үйде де алкогольді ішуге тыйым салатын 4 мыңға жуық сот шешімі шығарылған.

2024 жылы облыс аумағында тұрғындары алкогольден бас тартқан 6 елдімекен (Милісай, Сарысу, Әбдіғапар, Крамское, Отынағаш, Көктал ауылдары) болды.

"Бұл ауылдарда осы күнге дейін бірде-бір қылмыстық құқықбұзушылық немесе отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тіркелген жоқ", - деді ІІМ өкілдері.

Биыл Ұзынкөл ауданындағы тағы екі ауыл, яғни Абай мен Уқатқан ішімдіктен бас тартқан ауылдар қатарына кірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети