Бір ай бұрын тағайындалған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов сәрсенбі, 4 қаңтарда аудан әкімдерінің жергілікті істердің жай-күйі мен жұмыс жоспарлары туралы есептерін тыңдады. Аймақ басшысы бірқатар спикерді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.

Облыс әкімі Денисов және Жітіқара аудандарының басшыларына олардың өңірлерінің экономикалық әлеуеті бұдан да салмақты жоспарлар құруға мүмкіндік беретінін еске салды. Қарасу ауданының әкіміне республикадағы ең ірі ауылшаруашылық аймағы бұдан да көп табыс беруі керек екенін айтты. Ал Қамысты ауданының басшысын бір жұмыс орны ашылған инвестициялық жобалар туралы қымсынбай айтқаны үшін сынға алды.
Аймақ басшысының айтуынша, аудан әкімдерінің нәтижелі жұмысының маңызды белгілерінің бірі ауылшаруашылық тауар өндірушілері есебінен ауылдарда тұрғын үйлер салу болмақ.
"Мен сіздерге бұл міндетті бірінші күннен бастап белгіледім, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді шақырып, оларға ақша беруге дайын екенімізді айтуға бір ай бердім. Әлде сіздерге өкілеттік жетпей ме? Ай аз, жылдар қажет пе? Жоспарларыңызды түзетіңіздер", - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, айтылған жайттар бойынша "нақты түсінігі жоқ әкімдермен қоштасамыз" деп қосты.
Жиында аймақ басшысы бюджеттен тұрғын үй құрылысын қолдауға бес миллиард теңге бөлінетінін атады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!