Қостанай тұрғыны патруль көлігінде ұйықтап жатқан полицейді видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай тұрғыны патруль көлігінде ұйықтап жатқан полицейді видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанайлық Сергей Зинченко қаланың орталығындағы көшенің шетінде патруль көлігінде ұйықтап жатқан полицейді видеоға түсіріп, Желіде жариялады. Билік өкілі өзін түсіріп жатқанын байқап, телефонын қарай бастайды. Кейін Сергей полицейден өзін таныстырып, құжат көрсетуін талап етеді. Жауап бермеген соң ролик авторы бейәдеп сөздер айтып, полицейді балағаттайды. Кейін видео тоқтап қалады және әрі қарай екеуі көлікке отырған сәті түсіріледі.
"Сеніңше осы дұрыс па, көзіме қара, досым. Сіздер зейнетке 45 жаста шығасыздар, жеңілдіктер, әр жарты жыл сайын жалақы көтереді. Соның бәрі сен ұйықтау үшін бе? Сен ұйықтап жатқан жоқпын дегің келе ме, және екіншісі де ұйықтап жатыр, көліктегі орындықтардың екеуі де жатқызылған", - дейді ролик авторы.
Полиция департаментіндегілер аталған факт бойынша қызметтік тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Полиция департаментінде видеомен танысқаннан кейін полицейге қатысты қызметтік тергеу бастау туралы шешім шығарылды. 33 жастағы қостанайлыққа қатысты билік өкіліне тіл тигізгені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Қостанай облысы Полиция департаментіндегілер.
Сергей Зинченко шу шыққан видеодан кейін кешірім сұрап, тағы бір видео жүктеді.
"Ол менің артымнан қуып жетті. Сөйлесейік дедік. Көлікке отырдық. Мен алкоголь ішіп, мас күйде болғандықтан артық сөйлеп қойдым, МАИ қызметкері және жүйеге қатысты бейәдеп сөздер айттым, ашуланып айтып қойдым, соған өкінемін", - дейді қостанайлық жігіт.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!