Қостанайда 14 жастағы жасөспірім нанның ішінен шыққан жаңқаны жұтып, жапа шекті. Ұзындығы 3 сантиметр бөгде зат қыздың тамағына тұрып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Қостанайда 14 жастағы жасөспірім нанның ішінен шыққан жаңқаны жұтып, жапа шекті. Ұзындығы 3 сантиметр бөгде зат қыздың тамағына тұрып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Анасының айтуынша, шөңгені ақ халаттылар да байқамаған. Керісінше, тұмауға қарсы дәрі-дәрмек ішуге кеңес берген. Алайда, кейін оқушының денсаулығы күрт нашарлап, жұтқыншағынан ас өтпей қалған. Наталья Масальскаяның айтуынша, тек арнайы апараттың көмегімен баланың көмейіндегі тікенек анық көрінген. Дәрігерлер ота жасап, ағаш қалдығын алып шыққан.
"Жұмыста отырғанымда қызым маған ватсап арқылы хат жазып, нан жегенін және оның тамағына тұрып қалғанын жеткізді. Екеуміз ақылдасып, не істеу керектігін кеңестік. Бірақ, кеңірдегіне бірдеңе қадалып қалды дегенді ойлаған да жоқпыз. Ертеңінде баланы ауруханаға апардық", - дейді ол.
Жасөспірімнің анасы нанды сатып алған сауда орталығына жүгініп, бөлкенің қайдан келгенін анықтағанын айтады. Жергілікті наубайхана қожайыны кешірім сұрамақ түгілі, кінәсін мойындамағанын айтады. Наталья Масальская азаматтық сотқа талап арыз түсіріпті. Өнімнің сапасын тексеру үшін қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасына да шағымданған. Іс сотқа жетті. Қалалық бөлім мамандарының айтуынша, тексеріс нәтижесіне сәйкес жеке кәсіпкердің өндірістік қауіпсіздік ережелерін ескермегені анықталып, айыппұл салынған.
"Жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік жаза қолданылып, айыппұл салынды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қауіп төндіретін келеңсіздіктерді, олқылықтарды тез арада жою туралы нұсқама бердік. Біз жүктеген міндеттеменің орныдалғанын немесе орындалмағынын тағы тексереміз", - деді Қостанай қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының бас маманы Светлана Жукова.