Қостанайда 2 миллиард теңгеге салынған жағалау қысқа төтеп бере алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда 2 миллиард теңгеге салынған жағалау қысқа төтеп бере алмады Фото ©️ Tengrinews.kz

Қостанайда екі миллиард теңгеге салынып жатқан жағалау жөндеуді қажет етіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда екі миллиард теңгеге салынып жатқан жағалау жөндеуді қажет етіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайда Тобыл өзені бойындағы құрылысы аяқталмаған жағалау қыстан аман шықпады. Қоршау бойында төселген кеспе тастар опырылып, ал кей жерінде кірпіштер дұрыс қойылмағандай көрінеді.

Нысан асығыс салынғандай көрінеді, кірпіштердің арасында саңылаулар байқалады, ал кейбір жерлерде қабырға құлай бастаған.

"Жағалау бес жыл тұрғандай. Төселген тастар шөгіп кеткен, жағдайы өте нашар. Жұмыстар өте сапасыз орындалған. Мұнда қалай серуендеуге болады және оның болашағы қандай? Алда жаз келе жатыр, адамдар бұл жерден не көреді? Бірінші жағалау да дұрыс салынбаған", – дейді жергілікті тұрғын Есения Карпухина.

ТҮКШ бөлімі мәліметінше, алматылық мердігер нысанды былтыр қарашада тапсыруы керек болған. Жоба құны 2 миллиард 13 миллион теңге болады. Бұл сома жағалаудың құрылысы мен 12 балалар-спорт алаңын салуды қамтиды. Сапаға келетін болсақ, нысан әлі қабылданған жоқ, ал мердігер барлық анықталған ақауларды бір ай ішінде жоюға міндетті.

Фото Tengrinews.kz

"Тас төсеу жұмыстарының бір бөлігі қыс мезгілінде жүргізілгендіктен, күн жылыған кезде кей бөлігі шөгіп кеткен. Оның көлемі абаттандырудың жалпы ауданының 10 пайызын құрайды. Бұл жобаның шарттық міндеттемелері 2024 жылдың қарашасында аяқталды, қазір мердігерге барлық ақаулар мен мәселелерін бір ай ішінде жою тапсырылды", – деді Қостанай әкімдігінің ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрдәулет Бейсенов.

Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, жағалау құрылысы 95 пайызға аяқталған. Нысанның кепілдік мерзімі – үш жыл. Ресми деректерге сәйкес, болашақта басқа мердігер саябақты абаттандыру, жарықтандыру және суару жүйесін орнату жұмыстарымен айналысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети