Қостанайдың 9 жастағы оқушысы кісі өлтіру әрекетінің алдын алғаны үшін марапатталады, - деп хабарлайды "Наша газета". Сот қаланың бірнеше азаматын марапаттау туралы қаулы шығарды.
Қостанайдың 9 жастағы оқушысы кісі өлтіру әрекетінің алдын алғаны үшін марапатталады, - деп хабарлайды "Наша газета". Сот қаланың бірнеше азаматын марапаттау туралы қаулы шығарды.
Жыл басынан бері сот алты жеке қаулы шығарды, оның екеуінде жергілікті полиция ерлік пен батырлық көрсеткен азаматтарды марапаттау туралы шешім жасады. Нақтылай айтсақ, 9 жастағы Данил Елизаров кісі өлтіру әрекетінің алдын алғаны үшін марапатталуы керек. Ол дүкендердің біріндегі сатушыны ұрып жатқан адамды тоқтатты. Бала көмекке шақыру үшін адам іздейді. Оның алдынан танымайтын ер адам шығып, төбелесіп жатқандардың ісіне араласқысы келмейді. "Сол кезде Данил көрші үйлердегі адамдарды шақыруға жүгіріп кетті. Оқиға орнына келген әйелдердің арқасында қылмыскер ойлағанын іске асыра алмады", - деді соттағылар.
Кісі өлтірмек болған 28 жастағы Ренат Сисембаев сотталды. Тергеу оның сол күні жергілікті дүкеннің есігін сындырып, ішімдік тонағысы келгенін, бірақ оның ішінде сатушының бар екенін көргенін анықтады. Ер адам оған жұдырық ала жүгіріп, өлтіргісі келді. Айта кетейік, мектеп басшылығы соттың Данил Елизаровтың ерлігі жайлы шығарған қаулысымен танысып үлгерді. Тоғыз жастағы баланың ерлігі мектеп оқушыларының алдында хабарланып, оған мадақтама қағазы берілді. Екінші жеке қаулы Денис Лесниковтың ісі бойынша шықты. Ол төрт адамды, оның ішінде Виктория Ганяны өлтіру бойынша айыпты деп танылды. Қыздың денесі ерікті Владимир Радченконың арқасында табылды. Еріктіге де алғыс хат берілді.